«3 ақпаннан бастап Арнасай төмендеуіне су бұру аяқталды, бұрылған су көлемі 500 млн м3 шамасында. 2 ақпаннан бастап Қызылқұм каналы бойынша 50 м3/сек шығынмен және 6 ақпаннан бастап бұл көрсеткіш 80 м3/сек шығынмен және Достық каналы бойынша 50 м3/сек шығынмен су жіберу басталды. Қолда бар мәліметтер бойынша Өзбекстан аумағында көлемі 120-150 м3/сек су алынуда. Тоқтоғұл су қоймасынан су ағызу көлемі 615 м3/сек, Бари Точик су қоймасынан су ағызудың көлемі 1060 м3/сек құрайды. Бүгінгі күні Шардара су қоймасының бос сыйымдылығы 524 млн м3, Көксарай су реттегіші - 362 млн м3 құрайды. Жалпы бос сыйымдылығы - 886 млн м3. Қазіргі уақытта қауіпсіздікті және үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда су торабы, Әйтек су торабы, Қазалы су торабы және Ақлақ су торабы пайдалану қағидаларына сәйкес транзиттік режимге ауыстырылды», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.


Бұл ретте ол су шаруашылық жағдай өзгерген жағдайда Шардара су қоймасының жұмыс режимі қайта қаралатынын атап өтті. Бұл мәселе Экология министрлігінің айрықша назарында.