2023 жылғы 8 ақпанда Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел кеңесте әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар көкөніс қорларын броньсыздандыру схемасы ұсынылды. Сауда және интеграцияның бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев айтқандай, осы аптада өңірлік комиссиялар, бірінші кезекте пиязға, одан кейін - сәбіз, картоп, қырыққабат бойынша, көлемдерін, бағасын, шарттары мен сауда нүктелерін айқындай отырып, тауарлық интервенцияларды өткізу туралы шешім қабылдауы тиіс. Бақылау - кассалық аппараттарды пайдалану міндетті болуы қажет. Тауар интервенцияларының ұзақтығы - ақпаннан сәуірге дейін. Негізгі шарттардың бірі - бөлшек сауда бағасы қол қойылған келісімшарттар шеңберінде болуы керек.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов жариялаған әкімдіктердің нақтыланған деректеріне сәйкес, ел бойынша пияз қорының деңгейі 130%, картоп – 118%, сәбіз – 103%, қырыққабат – 74% құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлерге сатып алу үшін ұсынған қорлардың деңгейі маусымаралық қажеттіліктен есептелгенін атап өту маңызды, бұл қала халқының 4 айлық тұтынуының 30%-ын құрайды. Осылайша, аймақтар көкөністердің қорларын брондауды бастай алады.

Премьер-министр негізгі азық-түлік бағасына қатысты жағдайды тұрақтандыру жөнінде нақты тапсырма берді. Үкіметтің ұсыныстары бар, ең бастысы – тәртіп пен орындау талап етілуде, - деді Серік Жұманғарин әкімдік басшыларына. - Қырыққабат бойынша - өз қорларын әлі қамтамасыз етпеген аймақтар үшін Қырғызстанда арзан бағамен келісімшарт жасауды ұсынамын, біз «Qaztrade» АҚ арқылы қолдау көрсете аламыз. Осы уақытта көкөніс қорларын брондауды дереу бастаңыздар.