8 ақпаннан бастап АМӨЗ-ден тәулігіне 50 тонна көлемінде СМГ-ны БҚО-ға тиеп-жөнелту басталды.

9 ақпанда БҚО-ға «Gas Processing Company» ЖШС (Ақтөбе облысы) ресурстарынан 200 тонна СМГ жіберу жоспарлануда.

Сонымен қатар «Теңізшевройл» ЖШС-мен БҚО атына 1 000 тонна СМГ бөлу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Ақпан айындағы қажеттілік 3200 тонна болған кезде бүгінгі күні өңірге 390 тонна СМГ жеткізілді.

Сондай-ақ ақпан айының соңына дейін БҚО-ға СМГ-ның мынадай көлемдері жеткізілетін болады:

АМӨЗ – 540 тонна;

Жайықмұнай – 1000 тонна;

Gas Processing Company – 200 тонна;

ТШО – 1000 тонна;

СНПС – 70 тонна.