Мемлекет басшысының құрылыс нарығын демонополизациялау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде бірқатар шаралар қабылданды. ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейілдің айтуынша, тапсырыс берушімен келісілмеген қосалқы мердігерлерді тартқан жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзу үшін тапсырыс берушінің қосымша құқығы көзделген. Сондай-ақ көрсетілген қызметтер тәжірибесінің болуы бөлігінде конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшартты есептеу 10 жылдан 5 жылға дейін төмендетілді.
«Қазіргі уақытта Қаржы министрлігі аумақтық белгі және теріс мәні түріндегі әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін жаңа өлшемшартты белгілеу бөлігінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер пакетін әзірледі. Бұл түзетулер бүгінде ұлттық кәсіпкерлер палатасымен талқылануда. Бұл тәсілдер жергілікті компанияларға, конкурста жеңіске жетуге және жұмыс көлемін қосалқы мердігерлікке беру фактілерін болдырмауға, ірі компаниялардың монополиялық жағдайын төмендетуге, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!