«Басқа ішкі құжаттарға сілтемелерсіз тікелей әрекет ету тәртібі қабылданды. Сатып алудың бәсекелестік емес тәсілдерін алып тастау және отандық бизнесті қолдауға бағытталған кешенді шаралар көзделген. Бір көзден сатып алу тәсілін заңсыз қолданғаны үшін дербес жауапкершілік енгізілді. Қордың сатып алу порталында барлық ақпаратты орналастыру, сондай-ақ шағымдар тізімін қалыптастыру қарастырылған. Қордың сатып алу тәсілдері мейлінше мемлекеттік сатып алуларға жақындатылып, біріздендірілді», - деді спикер.

Сонымен қатар қордың сатып алу тәртібін Қаржы министрлігімен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен міндетті түрде келісу заңмен бекітілді.