«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңның негізгі мақсаттары – рәсімдерді егжей-тегжейлі реттеместен заңға икемділік беру, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, одан әрі цифрландыру есебінен сатып алу процесін оңайлату және сатып алулар бойынша бірыңғай платформа құру. Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатарынан жұмыс тобы құрылды. Бірлескен талқылаудың, сондай-ақ проблемалық мәселелерді анықтау тұрғысынан заңнамаға жүргізілген нәтижелер бойынша жаңа заңның негізгі тәсілдері әзірленді. Қазіргі уақытта заң жобасы реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының жобасы қоғамдық талқылауда», - деді вице-министр.