Бұл телемедициналық консультацияларды пайдалануды барлық жерде енгізуге мүмкіндік беретін инновациялық медициналық жабдық, оның негізі медицина персоналына пациентті орналасқан жерінде қашықтан диагностикалауға және интернеттің мобилдік желісі арқылы әрі қарай емдеу тәсілін қысқа мерзімде қабылдау үшін бейінді маманға диагностикалық ақпаратты беруге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету болып табылады.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараты бойынша, өңірде 315 ауылдық елді мекеннен213-і кең жолақты байланыспен қамтамасыз етілген. Биыл Ақтөбе облысындағы 60 елді мекенді интернет желісіне қосу жоспарланып отыр.