Азаматтарға бір мезгілде жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы SMS-хабарламалар жіберілді.
«Жалпы, еліміздің әрбір азаматы «Enbek.kz» порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жұмысқа орналасу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады», - деді ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Отбасының цифрлық картасы енгізілді. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде мемлекеттік қолдауға құқылы азаматтарды анықтап, оларға проактивты форматта көмек көрсетуге мүмкіндік береді.