«ҰБТ-2023 форматында өзгерістер жоқ. 5 пән, оның үшеуі міндетті және екі бейінді пән. Бұл талапкердің мамандығына қатысты қалып отыр. Алайда, «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндерінің тест тапсырмалары санына өзгерістер енгізілді. Осылайша, Қазақстан тарихы – 20, оқу сауаттылығы – 15, математикалық сауаттылық – 15 және екі бейіндік пән бойынша 35 тест тапсырмасы ұсынылады. Барлығы – 120 тапсырма. Ең жоғары ұпай – 140. Тестілеудің жалпы уақыты 4 сағат (минут). Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыты сақталады»,- деді спикер.
Сонымен қатар биыл сұрақтардың сапасын жақсарту мақсатында дистракторлардың (жауап нұсқалары) саны азайды. Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азайды.