13 ақпандағы жағдай бойынша өңірлерде 150 тонна гуманитарлық көмек жиналды (Алматы қ. – 4 т., Алматы облысы – 68 т., Түркістан облысы – 25 т., Шымкент – 50 т., Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстары – 3 т.), оның 75 тоннасы (Түркістан облысы және Шымкент қаласы) Түркияға жіберілді, сондай-ақ, 32 млн.теңге жиналып, тікелей Afad қорына аударылды.

Жалпы, халық жұмыла көтерілуде, блогерлер, кәсіпкерлер, волонтерлер мен қоғам қайраткерлері, журналистер мен жай ғана белсенді азаматтар өз үлесін қосуда.

Өз кезегіде Ұлттық волонтелер желісі мен Қазақстандағы Қызыл Жарты-Ай қоғамы айтарлықтай жұмыстар ұйымдастыруда. 

Волонтерлер көмек көрсету бойынша жұмыстың бірінші кезеңі аяқталып қалды.

Барлық жұмыстар Қазақстандағы Түрік Республикасының елшілігімен бірлесіп жүргізілуде.