Оның айтуынша, Ұлттық қорғаныс университеті төрт мамандық бойынша докторантура және басқарудың жедел-тактикалық, стратегиялық және жедел-стратегиялық деңгейлеріндегі магистратура бағдарламаларын іске асырады. Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша дайындық барлық дерлік әскер түрлері мен Қарулы Күштер түрлерінің негізгі мамандықтарын қамтитын үш әскери институтта жүзеге асырылады. 


«Құрлық әскерлерінің Әскери институты (Алматы қ.) командалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлаудың жүйе құраушы жоғары оқу орны болып табылады. Институт 6 мамандық және 14 біліктілік бойынша офицерлік кадрлар даярлайды. Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т. Бегельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты (Ақтөбе қ.) ӘК Әуе қорғанысы күштері, ІІМ авиациясы және ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін ұшу және инженерлік-техникалық құрамды даярлау орталығы болып табылады. Институт 5 мамандық және 11 біліктілік бойынша офицерлік кадрлар даярлайды. Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Әуе қорғанысы, байланыс, автоматтандырылған басқару жүйелері, ақпаратты өңдеу және қауіпсіздік мамандарын даярлау орталығы болып табылады. Институт 6 мамандық және 9 біліктілік бойынша офицерлерді даярлайды», - деді спикер.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер үшін әскери кадрлар даярлау туралы келісімге сәйкес әскери оқу орындарында Тәжікстан, Қырғызстан және Армения өкілдері білім алуда.
Бұдан басқа, Қарулы Күштердің қажеттіліктерін ескере отырып, ҚР Қорғаныс министрлігі ұшу, Теңіз, Құрлық, инженерлік, медициналық және гуманитарлық мамандықтар бойынша тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламалары бойынша шетелде әскери кадрлар даярлауды іске асырады.