«Гүлдер» ансамблін жаңғырту жобасын жүзеге асыру мақсатында ұжымға шығармашылық оқу орындарының түлектері алынды. Тәжірибелі тәлімгерлер – ансамбльдің бас хореографы Анвара Садықова және жобаның көркемдік жетекшісі әрі дирижері Серік Дәулетов шақырылды.

«Жобаға дайындық кезінде «Гүлдер» ансамблінің мұрағаттық материалдары мұқият зерделеніп, топтың «алтын қорынан» ең үздік нөмірлер іріктеліп алынды. Сонымен қатар барлық жастағы көрермендер үшін қызықты әрі түрлі жанрдағы шығармалар мен жаңа музыкалық-хореографиялық туындыларды қою жұмыстары басталды», – деді Ақтоты Райымқұлова.


1 наурызда жаңа құрамдағы «Гүлдер» ансамблінің тұсаукесер-концерті өтеді.