2020-2021 жылдары 3 электрондық аукцион өткізілді. Нәтижесінде көмірсутектерді барлауға өндіруге және өндіруге 39 жаңа үлгілік келісімшарт жасалды. Мемлекеттік бюджетке төленген қол қою бонусының сомасы 12,8 млрд теңгені құрады.


«2022 жылы министрлік 2 аукцион өткізді, онда 55 жер қойнауы қойылды. Аукциондардың нәтижелері бойынша шамамен 26 млрд теңге сомаға қол қою бонусын төлей отырып, 38 жер қойнауы учаскесі өткізілді, бұл өткен жылдармен салыстырғанда ең үлкен болып табылады. Геологиялық барлауға салынған инвестициялар 100 млн доллардан асты», - деді спикер.


Сондай-ақ энергетика вице-министрінің айтуынша, министрлік салаға инвестициялар ағыны үшін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, әрбір кезеңде жер қойнауын пайдалану құқығын берудің түсінікті және ашық рәсімдерін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыратынын айтты.