Жаңа стандарттағы барлық принциптерді сақтау веб-ресурстардағы жасы ұлғайған сайын қабілеттері өзгеретін егде жастағы пайдаланушылар үшін де қолжетімді етеді, сонымен қатар кейбір жағдайларда барлық пайдаланушылардың мазмұнды пайдалануын жақсартады.

«Бүгінгі таңда мүгедектігі бар адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі талаптарға сай келмейтін ақпараттық ресурстар, сайттар бар екені жасырын емес. Біздің міндетіміз осы сын - тегеуріндерге жауап беретін және осындай мүмкіндіктер беретін стандарттарды кезең-кезеңімен енгізу», - деді ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған цифрлық технологиялардың қолжетімділігі жөніндегі стандартты жаңарту ағымдағы жылға арналған жоспарға енгізілген.