Оның айтуынша, ведомствоның IT саласында атқарып жатқан жұмысы жалпы екі стратегиялық құжатқа негізделеді. Атап айтқанда, «Цифрландыру, ғылым жəне инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы жəне IT саласын дамыту тұжырымдамасы. 


«Негізгі стратегиялық бағыттардың бірі – бұл IT-қызметі экспортын дамыту. Дүние жүзінде кез келген мемлекеттің экономикалық табыстылығы оның нарықтағы бəсекеге қабілеттілігімен сипатталады. Бұны дəлелдейтін негізгі көрсеткіш — IT экспорттың көлемі. Осыған байланысты, Ұлттық жобада арнайы көрсеткіштер негізгі мақсат ретінде белгіленген. Соның ішінде – 2025 жылға дейін IT экспортын $500 млн-ға жеткізу. 2022 жылы Astana Hub резиденттерінің цифрлық шешімдерінің экспорты $165 млн құрады. Одаң басқа, $130 млн көлемінде стартаптарға инвестиция тартылды. Яғни, динамика оң», - деді спикер. 


Е. Ерманов отандық кəсіпкерлердің жаһандық нарыққа шығуына қолайлы жағдай жасалып, əр түрлі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Сонымен қатар елімізде экспортқа шығаратын индустриалды-инновациялық мекемелер үшін ақпараттық-коммуникациялық қызметтер бағытында пайда болатын шығындардың орнын толтыру механизмі қолданылуда. Бұл механизмнің арқасында 2022 жылы 60 млн теңгеге жуық
шығындар өтелді.