«Жақын арада осы бағытқа баса назар аудару жоспарлануда. Алғашқы қадамдардың бірі биыл Жасанды интеллектіні дамыту стратегиясын бекіту көзделген. 2029 жылға қарай IT-саланы дамыту тұжырымдамасы шеңберінде отандық IT-нарықты одан әрі қолдау және дамыту үшін алдымызда мынадай мақсаттар тұр: цифрлық технологиялардың ел экономикасының өсуіне қосатын үлесін 1%-ға жеткізуді қамтамасыз ету; IT-қызметтердегі жергілікті қамту үлесін 67,6%-дан 80%- ға дейін арттыру; IT өнімдер мен қызметтер экспортының жалпы көлемін 1,5 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту; ел экономикасы үшін 250 мың білікті IT-маман дайындау, "Tech Orda" бағдарламасы бойынша 45 мыңға жуық ваучер беру; өңірлерде 60 заманауи мектеп ашу», - деді Ерсұлтан Ержанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында.