Оның айтуынша, егер адам тек ІТ-технологияларға қызығушылық танытса, онда ол Astana Hub курстарынан өте алады, олар негізінен тегін болады. Мысалы, Startup School, Freelance School.

«Сондай-ақ Beta Career бағдарламасы бар, онда біз студенттерге тағылымдамадан өтуге, жұмысқа орналасуға көмектесеміз. Бұл онлайн және офлайн режимде қол жетімді. Бұдан басқа, ІТ-мәдениетін дамытатын технопарк өткізетін көптеген іс-шаралар бар. Қаражаттың басым бөлігі азаматтарымыздың дағдыларын негізінен тегін негізде дамытуға бағытталған», – деді Мағжан Мәдиев. 


Сонымен қатар Astana Hub-тың бас директоры ІТ-саланы дамыту міндеттерінің қатарында ең перспективті, бәсекеге қабілетті қазақстандық жобалар венчурлік капиталға, жаһандық нарыққа қол жеткізуі үшін, Кремний алқабында өкілдіктерді іске қосу бар екенін айтты.