Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында пилоттық жобаны 2023 жылдың бірінші тоқсанының соңында іске қосу жоспарланғанын хабарлады.
Оның айтуынша, қазір адвокат, нотариус, сот сарапшысы немесе жеке сот орындаушысы лицензиясын алу үшін бірнеше кезеңнен өту керек: осы салалардың бірінің белгілі бір палатасында тәжірибе, кейін Әділет департаментінде тестілеуден өтіп, содан соң комиссия алдында қорғау керек. Нәтиже теріс болған жағдайда, кем дегенде үш айдан кейін екінші рет тапсыруға болады.
«Бұл процес толығымен цифрландырылмақ. Процесс толығымен онлайн болады. Енді алқалар жоқ. Бұл практикадан және тағылымдамадан кейін бірден компьютерде онлайн тест, кейс сұрақтарын тапсыруға және бірден лицензия алуға мүмкіндік береді. Егер азамат тест тапсыра алмаса, онда бір аптадан кейін оған екінші мүмкіндік беріледі», - деді спикер.