Қалада нақты құрылыстың 18 негізгі проблемалы объектісі бар. 13 нысан бойынша мәселелер тұрғындардың тілектері мен өтініштерінің пайдасына шешіледі, яғни ТК маңында мектептер, медициналық орталықтар, балабақшалар, қоғамдық кеңістіктер болады. Қалған 5 нысан бойынша сот және келіссөздер процесі жүріп жатыр.
Мысалы, Байтұрсынов көшесі, 7 (Хайвил ТК) мекенжайында жер учаскесінде бұрын айтылғандай, көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына мектеп салынады. Сондай-ақ, Қошқарбаев даңғылы мен Ақыртас көшесі маңында, яғни «Хайвил» тұрғын үй кешеніне қарама қарсы оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында тағы бір жалпы білім беретін мектеп салынады.
Күмісбеков көшесі, 9/2 үйінің жанында 21 қабатты ТК және паркингтің орнына гүлзар салынады.
«Sport Towers» ТК тұрғындарының өтініші бойынша екі мектеп салынады (Alpamys ТК мен Alau ТК арасында және Барыс-Арена мұз айдынына оңтүстік бағытта).
Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді, оның ішінде құжаттарды нормаларға сәйкес келтіру, «Menin Elim Dala» ҚБ жауаптарын ұсыну және т.б.