Оның айтуынша, науқастарда 3-5 күн ішінде дене температурасы 38-ден 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
«Интоксикацияның айқын белгілері: әлсіздік, көп терлеу, тез шаршау. Кейбір науқастарда қайталама бактериялық инфекциялар болуы мүмкін: пневмония, іріңді синусит, тонзиллит, отит. Герпес инфекциясы болады. Сонымен қатар созылмалы инфекциялық емес аурулары бар науқастарда жеке көрсеткіштердің жоғарылауы байқалады. Мысалы, қант диабетімен ауыратын науқастарда қандағы глюкоза деңгейі көтеріледі», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.
Бұл ретте Бақыт Көшерова қазақстандықтарды скринингтен, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге, ковидтен кейінгі синдром нәтижесінде туындауы мүмкін асқынуларды болдырмау үшін профилактикалық егулер алуға шақырды.