Мәселе Маңғыстаудың жеке қосалқы және фермерлік шаруашылықтары үшін кебек туралы болып отыр, оны Солтүстік Қазақстан облысының астық өңдеушілері бір келісін 65 теңгеден жеткізеді, ал нарықтағы бағасы келісіне 100 теңгеден сатылып жатыр.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін «BioOperations», «СевЕсильЗерно» және «Новоальжан комбинаты» ЖШС көрсетті Бұл ретте астық өңдеушілердің өздері мал азығын тасымалдауға жәрдемдесетін болады. Осылайша, өңірге жеткізуді ескере отырып, кебектің бағасы келісіне 75 теңгені құрайтын болады.

Климаттың ерекшеліктеріне байланысты Маңғыстау өңірінде жыл сайын жемшөптің шамамен 10% жиналады, ал қалғаны басқа өңірлерден жеткізіледі. Қазіргі қысқы кезеңге қажеттілігі 78 мың тонна шөп пен 23,8 мың тонна жем болған кезде жоспардың 98,5% және 101,8% дайындалды.