«Жастарға микронесиелер беру жаңа құрал болып табылады. Несиелер 21-35 жас аралығындағы адамдарға беріледі, бұл ретте пайыздық мөлшерлеме – 2,5%. Несиелеу мерзімі – 5 жылға дейін. Ал мал шаруашылығы үшін 7 жылға дейін. Сонымен қатар негізгі қарыз бен сыйақы өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Оның ұзақтығы микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 аспайды. Несие беруді Аграрлық несие корпорациясы жүзеге асырады. Бұл ұйымның несиелеу бойынша тәжірибесі зор және өңірлерде филиалдары бар», - деді спикер.
Бұдан бөлек, грант беру құралдары жасалды. 2023 жылы 9 мың адам грантпен қамтылады. Гранттар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Олардың мөлшері 400 АЕК немесе 1,3 млн теңгені құрайды. Гранттарды беру лектер бойынша жүзеге асырылады. Осы аптада бірінші лек бойынша құжаттар қабылдау басталды. Мұнда 2,6 мыңнан астам грант беру жоспарлануда. Биыл барлығы кемінде 4 лек өтеді. Құжаттар онлайн режимде қабылданады.