Оның сөзінше, мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру тетігі қайта қаралды. Жұмыс берушілерге жұмыс орнын ұйымдастыру үшін 300 АЕК-ке дейін 1 млн теңге мөлшерде шығындар өтеледі. Бұл ретте мемлекет 3 жыл ішінде жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысын да субсидиялайды. 


Сонымен қатар зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту үшін «Күміс жас» жобасына өзгерістер енгізілді: қатысушылардың жасы 50 жасқа дейін төмендетілді және қатысушылардың жалақысын субсидиялау мерзімі 3 жылға дейін ұлғайтылды. 


Ал жұмыс тәжірибесі жоқ жастар үшін «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларын іске асыру жалғасатын болады.