«Жыл басынан бері агенттіктің келісімімен осындай нормамен 14 тағайындау келісілген болатын. Бұл жеке сектордан білікті және салалық тәжірибесі бар мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, тексеру комиссияларында, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (Астанадан басқа) оқу бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жоғары үлгерімін көрсеткен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының үздік түлектерін мемлекеттік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындау көзделген. Бұл норма мемлекеттік қызметшілерді білімі, біліктілігін, құзыреттілігін көтеруге ынталандыруға бағытталған. Өз кезегінде академия түлектері оқуды аяқтау аясында бағалау орталығынан өтіп, оларға қатысты тиісті ұсыным шығарылатын болады. Айта кетерлік жайт, өткен жылы академияға түсетін абитуриенттер саны 9 есеге өсті», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі мемлекеттік тапсырыс аясында оқыған және өзінің жоғары үлгерімін көрсеткен қазақстандық жоғары оқу орындарын аяқтаған үздік түлектеріне де беріледі. Олар облыс аудандары, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымдарына орналаса алады.