Оның айтуынша, осы бағытта агенттік 2022-2023 жылдарға арналған «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін модернизациялау бағдардамасын іске асырады. Конкурстық рәсімді өткізу оны толық цифрландырудың көздейді.  

«Конкурстық рәсімнің барлық кезеңдері онлайн түрде қашықтықта өткізіледі. Енді азаматтарымыз әлемнің кез келген нүктесінен және қалаған уақытында конкурсқа қатыса алады. Бұл тек әңмілесу кезеңіне ғана қатысты болмайды. Үміткерлерге мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін іріктеу кезеңдерінен өту кезінде иесіздендіру және анонимділікті қамтамасыз ету үшін ID-нөмір беріледі. «Адами фактордың» ықпалын болдырмау үшін конкурс рәсімнің ашықтығын тәуелсіз прокторинг жүйесі қамтамасыз етеді. Осылайша, жаңа іріктеу форматына сәйкес конкурстың қорытындылары ақпараттық жүйемен дербес шығарылады», - деді А. Жоламанов.