Бұған дейін резервке іріктеу 2019 және 2021 жылдары өткізілген болатын. Осы іріктеулердің нәтижесі бойынша 350 адам резервке алынды, оның 262-і қазіргі кезде мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік сектор ұйымдарына жұмысқа алынды. 28 резервші саяси мемлекеттік қызметте және 8-і «А» корпусының лауазымдарында қызмет етеді.  

«2023 жылы кезекті іріктеу өткізіледі. Оның ерекшелігі – салалық мемлекеттік органдардың қажеттіліктеріне негізделетін болады. Осы бағытта агенттік тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, салалық кадрларға қажеттіліктерді айқындап, тиісті жұмыс жүргізетін болады. Іріктеу рәсімі арнайы әзірленген ақпараттық жүйеде онлайн түрде өткізіледі. Бұл өз кезегінде жасына, жұмыс тәжірибесіне және біліміне сәйкес келетін елімізде және шетелде жүрген барлық азаматтарымыздың қатысуына мүмкіндік береді. 2019 және 2021 жылдары өткізілген іріктеуге сәйкес үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: олар жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар азаматтар болуы тиіс», - деді спикер.