Оның айтуынша, құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. 


«Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында барлық озық әдістемелер мен технологиялар пайдаланылды. Яғни зардап шеккендерді техникалық іздеу аспаптарын, заманауи құтқару жабдықтары мен инженерлік техниканы қолдана отырып жүргізді. Біздің алдымызға қойылған міндеттер қауіпсіздік техникаларын бұзбай, толық көлемде орындалды. ТЖМ құтқарушылары апат аймағында кәсіби, батыл және нәтижелі әрекет етті», - деді спикер.


Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша табиғи апат аймағына 55 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жеткізілді. ТЖМ атынан ардагерлер кеңесінің көмегімен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 10 киіз үй жіберілді. 


«Түркия Республикасының AFAD жер сілкінісі салдарын жою дағдарыс орталығымен және Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігімен келісім бойынша 17 ақпанда барлық нысандарда Қазақстан Республикасы ТЖМ күштерімен іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды», – деді И. Күлшімбаев.