Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының негізгі функциялары мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымдарының клиенттеріне кепілдік төлемдері, егер жүргізуші ЖКО орнынан кетіп қалса, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру болып табылады.
«Сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда тұтынушылар сақтандыру ұйымы агенттігі лицензиядан айырғаннан кейін бірден қор қаражаты есебінен төлемдер алады. Бұл сақтандыру төлемдерін алу мерзімін едәуір қысқартады, ал бұған дейін тұтынушы сақтандыру ұйымын тарату туралы сот шешімінің күшіне енуін күткен болатын. Осылайша, сақтандыру ұйымын тарату процесі оның клиенттеріне білінбей қалады», – деді Мария Хаджиева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Соңғы 5 жылда Қор жүргізуші ЖКО орнынан кетіп қалған жағдайда, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін 184 млн теңгеге 78 төлем, сақтандыру ұйымдарының кредиторларына 162 млн теңгеге 289 кепілдік төлем жасады.