Мария Хаджиева атап өткендей, сақтандыру омбудсмені шағымдарды қарайтын шарттар – бұл даулар бойынша талап сомасы 10 мың АЕК-тен аспауы тиіс, яғни бүгінгі күні шамамен 34,5 млн теңге. 

«2024 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру омбудсмені дауларды сотқа дейінгі міндетті реттеудің толыққанды институты ретінде әрекет ететін болады. Сақтандыру омбудсменіне жүгіну сотқа жүгінгенге дейін міндетті болады», – деді спикер. 


Қазіргі уақытта сақтандыру омбудсменіне жүгіну ерікті түрде жүргізіледі. 

«2022 жылы сақтандыру омбудсменінің қарауына 1428 шағым түсті. Қаралатын істердің 90%-дан астамы міндетті автосақтандыру бойынша істер болып табылады. Сақтандыру омбудсменінің тек 10 шешіміне ғана сотта шағым жасалды. Бұл ретте осы 10 шешімнің барлығын сот өзгеріссіз қалдырады. Бұл сақтандыру омбудсменінің жұмысының сапалы екендігін және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешім шығарылатынын білдіреді», – деді спикер.