ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Salam Air» 2023 жылғы 1 шілдеден бастап А–320neo және А-321neo типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен Маскат-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Оман арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.

«Salam Air» – Оманның Маскат қаласында орналасқан омандық төмен бюджеттік авиатасымалдаушы. Ұшуды 2016 жылы бастады.

Әуе компаниясы  әлемнің 20-ға жуық еліне (Чехия, Босния және Герцеговина, Судан, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Бангладеш, Непал, Шри-Ланка, Үндістан және т.б.) 30 бағыт бойынша халықаралық рейстерді орындайды.

Әуе компаниясының паркінде 11 Airbus A320neo, A321neo ұшағы бар.