«Соттан тыс банкроттық кезінде борышкерлердің қарызы 1 600 АЕК-тен аспауы тиіс. Бұл қарыздар екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар болуы тиіс. Сондай-ақ борышкердің мүлкі болмауы керек. Қарызын 12 ай бойы өте алмаған азаматтар осы рәсімді қолдана алады. Сонымен қатар Заңда ерекше жағдайлар қарастырылған. Мысалы, атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 12 ай ішінде төлемнің болмауы туралы критерий қолданылмайды. Қазіргі таңда барлық борышкерлердің – шамамаен 1,1 млн қарызы бар азаматтың 95% осы соттан тыс процедураға қатыса алады. Бұл процедура онлайн түрде өткізіледі. Барлық заңнамалық актілер қабылданды. Ақпараттық жүйе дайын», – деді вице-министр.