Оның айтуынша, бұған дейін қолданылып келген жүйе жеке кәсіпкерлерге тиесілі әрі ақылы болды. 

«Ақпараттық жүйе мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған, онда нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге және модификация жүргізуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды. Өңірде мәселелер бар. Субсидияны алу үшін әртүрлі схемалар қолданылады, соның ішінде субсидия алмауы тиіс адамдарға да қаражат берілген жағдайлар анықталды. Сондықтан жүйеде субсидия алатын кісіні тексеріп болған соң ғана өтініш қабылданады. Жүйе 1 ақпанда іске қосылды. Оны жетілдіру бойынша жұмыстар одан әрі жалғасады», - деді Б. Бекбауов.