«ТЖМ ақпараттық технологияларын қолданумен қатар халыққа және басқару органдарының мамандарына қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету бойынша дәстүрлі форматта кешенді жұмыс жүргізеді. Мамандандырылған сыныптарда теориялық негіздерді зерделеу жүргізілсе, іс-жүзіндегі дағдылар тақырыбы мен ауқымы бойынша әртүрлі машықтанулар мен оқу-жаттығулар  барысында пысықталады. 2022 жылы елімізде әртүрлі санаттағы 14 мыңнан астам тыңдаушы оқытылды және 83 мыңнан артық оқу-жаттығу өткізілді, 4 млн астам көрнекі оқу материалы шығарылды, 3 мыңға жуық бейнеролик әзірленді, қауіпсіздік тақырыбына 2 мыңнан астам билборд жасалды, олар  ресми сайттарда және әлеуметтік желілерде орналастырылған. Сондай-ақ 22 мыңнан астам білім беру ұйымдарында 1,6 млн оқушыны қамти отырып, 9 мыңға жуық интерактивті сабақ өткізілді. 2022 жылы апаттық жағдайлар тақырыбына 16 мыңға жуық жаттығу, сейсмикалық қауіпті аумақтарда 27 мыңнан астам жаттығу өткізілді», – деді Б. Сыздықов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.


Оның айтуынша, өңірлерде азаматтық қорғаныстың құрал-жабдықтары мен мүлкінің көрмесі ұйымдастырылуда.