«Жергілікті атқарушы органдарының 195 әскерге шақыру пункттерінде қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары өз жұмысын бастайды, оған әкімдердің орынбасарлары басшылық етеді. Әскерге шақырылуға тиісті ер азаматтарды хабардар ету дербес шақырту қағазын жолдау арқылы жүзеге асырылады. Шақырту қағазы олардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орындарына жеткізіледі. Бұл ретте осы процесті автоматтандыру мақсатында 2021 жылдан бастап әскерге шақырылушыларды SMS-хабарлама жолдау арқылы да хабардар ету жүргізілуде», – деді спикер.


Жалпы, Қарулы Күштерге 7 мыңнан астам, Ұлттық ұланға 6 мыңнан астам, ҰҚК Шекара қызметіне 3 мыңнан астам, ТЖ министрлігіне 300-ден астам, Мемлекеттік күзет қызметіне 80-нен астам адам шақырылуға жатады.