Кеңеске қатысушылар жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу, перспективті кен орындарын игеру және шикізат пен отынды тасымалдау үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту жоспарларын талқылады.

Сонымен қатар теміржол тасымалына тариф белгілеу, өнім экспортын ұлғайту, өнеркәсіп нысандарын газбен қамтамасыз ету және басқа да бірқатар мәселе қозғалды.

Кеңеске «Қазақстан темір жолы» және QazaqGaz ұлттық компанияларының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Премьер-Министр уәкілетті ведомстволарға бизнес өкілдері көтерген түйткілді мәселелер бойынша шараларды пысықтауды жеделдетуді және келесі кеңесте нақты ұсыныстар беруді тапсырды.