Спикер жол жүрісіне әрбір қатысушының тәртібі бұл қоршаған ортаның қауіпсіздігінің кепілі екенін атап өтті.

«Кез келген көлік құралы үлкен жылдамдықты дамыта алатындығын және бірден тоқтай алмайтындығын ұмытпаған жөн. Жолдағы қауіпсіздік жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де байланысты. Тәуекелдер екі жақта да бар. Себебі жол-көлік оқиғасына көшені белгіленбеген жерден немесе бағдаршамның тыйым салған түсіне кесіп өтетін жаяу жүргіншілер түсіп жатады. Кейбіреулер тіпті жолды кесіп өтерде, жан-жағына қарау керек екенін ұмытып кетеді. Қараңғы уақытта барлық жүргізушілер жаяу жүргіншілерді байқай алмайды, өйткені жаяу жүргіншілер киімде жарық қайтаратын элементтерді сирек пайдаланады, сондықтан өте сақ болу керек», - деді аға инспектор.