Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында құжаттама жасау және басқару мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды. Шара Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің архив қорын қалыптастыру қызметінің басшысы Әсет Несіпбаев, сарапшылар Гүлжан Құдайбергенова мен Айгүл Шорманова өткізді.
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкерлері құжаттаманы жасау және басқару саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде іс қағаздарды жүргізуді, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйелерін (ЭҚЖ) пайдалануды түсіндірді. Сонымен қатар архивке құжаттарды тапсыру және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы айтылды.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!