Заңда борышкердің төлем қабілеттілігін әртүрлі тәсіл арқылы қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылған: соттан тыс банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімі.

Азаматтар өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей-ақ, eGov.kz. электрондық үкімет порталы, сондай-ақ e-Salyq Azamat немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы бере алады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында банкроттық рәсімдерінің қолдану тәртібі жазылған, арнайы буклеттер орналасқан жекелеген аймақтар белгіленді.

Сағат 14:30 жағдай бойынша соттан тыс банкроттыққа 1087 өтініш келіп түсті (1020 – eGov, 67 – e-Salyq Azamat арқылы).