Сапар аясында Арман Шакқалиев Тәжікстан Үкіметі жанындағы экспорт агенттігінің басшысы Бахриддин Сироджиддинзодамен, Тәжікстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің бірінші орынбасары Ашурба Солехзодамен, сондай-ақ Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Нигина Анваримен кездесті.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы – қазақстандық нарықты алдағы маусымаралық кезеңде қажетті көкөніс-жеміс өнімдерімен қамтамасыз ету.

Арман Шаққалиев елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастар нығая түскенін атап өтті. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 1,4 млрд долларды құрады. Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт көлемі 9,7%-ға артып, 877,6 млн долларға жетті.

Тараптар сауда саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға келісті.