«Азаматтардың 5%-дан астамы зорлық-зомбылыққа ұшыраған, оның ішінде ерлер де, әйелдер де бар. Ер адамдар бұл қауіпке негізінен көшеде, ал әйелдер қоғамдық орындарда және үйде тап болған, бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Бұл ретте қазақстандықтардың үштен бірі соңғы екі жылда бұл мәселе бойынша жағдайдың жақсарғанын атап өтті. Бұған мемлекеттік органдардың жұмысы да өз әсерін тигізді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы харасмент мәселесіне де тоқталды.

«Азаматтардың шамамен 5%-ы жыныстық бопсалауға ұшыраған. Мұндай жағдай ерлерге қарағанда әйелдер арасында 10 есе жиі болатынын айта кеткен жөн», - деді О.Николаева.

Қазақстандық қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықты, қудалауды, жыныстық қудалауды, әйелдер мен қыздарды некеге тұру мақсатында ұрлауды қалыпты емес жағдайға айналдыру үшін осындай құқық бұзушылықтарға немқұрайлық танытпау, заңнамаға «жыныстық қудалау» терминін енгізу ұсынылып отыр.