«Мен баршаңызды театрға шақырамын, мұнда ерекше күйге бөленесіздер. Өнерге, музыкаға, биге жақынырақ болыңыздар. Бұл біздің әлемді жадыратады», – деді Совостьянов.
Театрдың X мерейтойлық маусымында Rue des arts француз би ұжымы өз өнерін паш етеді, ол 9 сәуірде франкофониялық көктем аясында театрдың балет труппасымен бірге «Астана Балет» сахнасында тұңғыш рет өнер көрсетеді.
«Үлкен театрдың жетекші балеринасы Светлана Захарова, Алматыға гастрольдік сапар аясында Диана Вишнева келеді. Екеуі де «Кармен-люкс» спектаклінде билейді. Ал мерейтойлық маусым шымылдығы гала-балетпен жабылады. Ол шілде айында өтеді», - деді Александр Совостьянов жоспарларымен бөлісе отырып.