Осылайша, «Air Cairo» әуекомпаниясы Астана – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 13 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі және жұма) және Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 14 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр және сенбі) А-320 типті әуе кемелерінде.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда - экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Анықтама:
«Air Cairo» - Каирде (Египет) орналасқан мысырлық әуе тасымалдаушысы. Авиакомпания рейстерді 2003 жылы бастады.

Әуе компаниясы әлемнің 20-дан астам еліне (Армения, Дания, Австрия, Әзербайжан, Франция, Грузия, Германия, Венгрия, Италия және т.б.) 50 маршрут бойынша халықаралық рейстерді орындайды.

​​​​​​Әуе компаниясыеың паркінде Airbus A320, A320neo, ATR 72 және Embraer 190 типті 19 әуе кемесі бар.