Спортшы ат снарядындағы жаттығуларда жеңіске жетті. Шешуші жаттығуында ол 15.300 ұпай жинады.

Екінші орынды Ирландиядан келген Рис Маккленаган иеленді. Әлем кубогының кезеңінде албаниялық Матвей Петров үшінші орынға тұрақтады.

Ұлттық құрама өз тарихында тұңғыш рет әлем кубогының бір кезеңінде бірден екі алтын жүлдеге ие болды. Нариман Құрбанов бір апта бұрын Катарда өткен жарыс кезеңінде де үздік танылғанын атап өткен жөн.