Спикер атап өткендей, Жол картасында процестерді цифрландыру, деректерді жинау мен беруді автоматтандыру блогы үш негізгі бизнес процестерден тұрады. Ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіру үшін құлақ сырғаларын сатып алу функциясын жергілікті атқарушы органдарға беру ұсынылуда. Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі мал үшін құлақ сырғалары өтеусіз берілетін болады, өйткені құлақ сырғаларын сатып алу бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады. Ал ұйымдасқан шаруашылықтар (шаруа қожалығы, фермерлік қожалық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және т.б.) өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіреді және бірдейлендіруге арналған атрибуттарды сатып алады.
Сонымен қатар, жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіру дерекқорында түзетулерді (өзгерістерді) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Қағидаларға өзгерістер енгізілуде.
Комитет төрағасының айтуынша, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында пилоттық режимде ветеринарлық дәрігерге арналған «VET-MOBILE» мобильдік қосымшасы тестілеуден өтті, ол құжат айналымын электронды форматта жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұл мүмкіндік мал иелеріне малды уақтылы бірдейлендіруге, ветеринариялық паспорт беру бойынша мемлекеттік қызметті алуға, союға, сатуға жіберуге мүмкіндік береді және мал мен мал иелерінің мәліметтеріндегі қателіктерді жоюға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы малы иелеріне арналған АШМС мобильді қосымшасы әзірленуде. Осы бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы аяқталатын болады.
«Ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесіндегі «VetLab» модулі (малды диагностикалық зерттеу) 2022 жылғы 9 наурыздан бастап іске асырылуда.
«2022 жылдың қорытындысы бойынша «VetLab» модулі арқылы 21,4 млн зертханалық зерттеу жүргізілді. Сонымен қатар малдың аса қауіпті ауруларының ошақтарын және оларда жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларды есепке алуға, малды зерттеу деректерін АШМБ АЖ-ға беру процесін автоматтандыруға, есепке алу атрибуттарының айналымы бойынша есепке алуды енгізуге арналған RPO модулі іске қосылды. «RPO» модулінде 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Қостанай облысындағы бруцеллез бойынша 4 салуатсыз пункт бойынша жұмыстар жүргізілуде, 7 283 зерттеу енгізілді», - деді спикер.