Ведомство өз құзыреті шеңберінде тиісті жұмыстарды атқаруда.

Биыл 1 наурызда №225 бұйрықпен өзгерістер енгізілді. Енді шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде аумақтық белгі және теріс мәндер түріндегі конкурстық баға ұсынысына әсер ететін қосымша өлшемшарттар ескерілетін болады. Осылайша, жұмыстарды орындау аумағында тіркелген өнім берушіге 1% мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі.

Аумақтық белгі техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, құрылыспен байланысты емес жұмыстар және құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 400 мың АЕК-ке дейінгі мемлекеттік сатып алуға қолданылады. Бұл өлшемшарт шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға, сондай-ақ тиісті өңірде салық түсімдерін ұлғайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар орындауында ағымдағы қаржы жылында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарты бар әлеуетті өнім берушіден әрбір шарт үшін жалпы шартты жеңілдіктің 0,1%-ы алынады.

Теріс мәндер құрылыс-монтаждау жұмыстарына, ведомстводан тыс кешенді сараптама, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу жөніндегі жұмыстарына және инжинирингтік қызметтерге қолданылады.

Бұл мемлекеттік сатып алу көлемін біркелкі және әділ бөлуге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына мүмкіндік бермей, барлық мемлекеттік сатып алуға қатысатын жекелеген ірі компаниялардың бүгінгі таңда қалыптасқан монополиялық жағдайын төмендетуге мүмкіндік береді.

Жалпы, бұл жаңашылдықтар құрылыс нарығын демонополизациялауға және бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді.

Жаңа өлшемшарттар бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін, яғни осы жылдың 22 наурызынан бастап жарияланған мемлекеттік сатып алуларға қолданылатын болады.