Бүгін – Көрісу күні немесе Амал мерекесі.

Бұл күні адамдар бір-бірімен құшақ жая амандасып, ақ тілектерін арнайды, жастар үлкенге құрмет көрсетіп, сәлем береді.

Еліміздің батыс өңірінде тойланып келген аталмыш мереке бүгінде барша Қазақстанда аталып өтіледі.  

«Жастарыңыз құтты болсын!», «Жастарыңызға жас қосылып, ғұмырларыңыз ұзақ болғай!»