Өткен жылы кішкентай туристер мен олардың ата-аналары арасында сұранысқа ие үш бағыт: Ақтау, Алматы және Түркістан қалалары болды. Бұл ретте барлық іске асырылған турлардың 50%-дан астамы Маңғыстау облысына тиесілі екенін айта кеткен жөн.

Жалпы, аталған бағдарлама бойынша былтыр 76 млн теңгеге ұшақ билеттері субсидияланды.

«Ақтау - Қазақстанның ең танымал туристік бағыттарының бірі және танымал отбасылық демалыс орны. Өткен жылы Kids Go Free бағдарламасын 700-ге жуық отбасы пайдаланды, бұл 1500 балаға Қазақстанның басқа өңірлерін тегін көруге мүмкіндік берді. Биыл кем дегенде 2000 бала мен 1000 отбасын қамту міндеті тұр. Ол үшін туроператорларға қойылатын талаптар жеңілдетілді», – деді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.