Рейстер «Эйрбас-А320» әуе кемелерінде дүйсенбі және жұма күндері аптасына 2 рет жиілікпен орындалады. Бұл әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді «Azerbaijan Airlines» әуекомпаниясы аптасына 2 рет жиілікпен орындайды.

Сонымен қатар қазіргі уақытта Әзербайжан Республикасына тұрақты рейстерді Алматы – Баку бағыттары бойынша «Эйр Астана» әуе компаниясы аптасына 2 рет, Ақтау – Баку «Fly Arystan» және «Azerbaijan Airlines» әуе компаниялары аптасына 3 рет, сондай-ақ Ақтөбе-Баку «Qazaq Air» әуе компаниясы аптасына 2 рет орындайды.

Осылайша, елдер арасында орындалатын тұрақты рейстер саны аптасына 14 рейске дейін артады.

Екі астана арасындағы рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.