Компания басшысы Әсел Жанасова атқарылып жатқан жұмыстар, ағымдағы көрсеткіштер мен халыққа қызмет көрсетудің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар ұлттық пошта операторын қолдау және одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды қарады.

Бұдан басқа, Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр Жолы» шекаралық өткізу бекеті арқылы жүк көліктерінің, оның ішінде «Қазпочта» желісі бойынша өтуіне кедергілерді жою жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.

Премьер-Министрге бүгінгі таңда Қазақстан-Қытай шекарасында рәсімдеуден өтетін көліктер санын тәулігіне екі есеге жуық, ҚХР-дан ҚР-ға 40%-ға ұлғайтылғаны баяндалды. Бұл ретте Әлихан Смайылов қысқа мерзімде одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін әкімшілік процестерді жеделдетуді талап етті.