«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ пен «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ ақшаларды банктерге аударды. Аударылған қаражаттардың жалпы сомасы 306,6 млрд теңге болды. Ал мемлекет тарапынан 10-пайыздық сыйлықақыны алатын салымшылар саны 2 млн 615 мың 772 адамды құрады.

Қағидаларға сәйкес, екінші деңгейдегі банктер екі жұмыс күні ішінде (соңғы күнін қоса алғанда 2023 жылдың 20 наурызына дейін) тиесілі сыйақыны өтініш берген депозиторлардың шоттарына аударады.

Теңгелік депозиттер бойынша 10%-дық сыйақы Қаржы министрлігі мен Қазақстанның Ұлттық Банкінің қаражаттары есебінен төленеді.

Банктер сыйақы төлеуге өтініштерді бес ай бойы – 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың ақпанына дейін қабылдады. Өтініштерді қабылдау осы жылдың 10 ақпанында аяқталды.

Сыйақыны есептеу бойынша толыққанды ақпарат алу үшін салымшылар депозиттері ашылған банктерге жүгінулері тиіс.